Онлайн газет



“ҚАШҚЫН” МОНОДРАМАСЫ....

Жуырда  аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде “Шахан” халық театрының кезекті қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
Қалың қауым қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, драматург Ақылбек Шаяхметтің “Қашқын” монодрамасының басты кейіпкерін сомдаған “Шахан” халық театрының режиссері Бақытжан Байкүшіковтің актерлік шеберлігіне тәнті болды.
...Өткен ғасырдың  жиырмасыншы жылдары орын алған қазақ жеріндегі ашаршылық, нәубаттың құрбаны болған кейіпкер қарындасының қасқырларға жем болуы, одан кейін анасының ауырып дүниеден қайтуы, әкесінің із-түзсіз жоғалып кетуі, соңында жападан жалғыз қалған оның балалар үйіне түсуі. Онда көрген қорлықтарына шыдай алмай қашып кетеді.
Тарихи кезеңмен  қатар адам өмірі жалғасып, өмірде әрбір адам “өз-өзінен қашып кете алмайтындығы” көрерменнің көз алдында өтіп жатты...
Актердің шығармамен жетік танысып қана қоймай, кейіпкердің  болмысын терең игергендігі, жан дүниесіндегі арпалыстар мен ар алдындағы азабы жанды шығып, көпшіліктің көкейінде жатталып қалды.
Қойылым біткен кезде актердің өнеріне көрермендер тік тұрып, құрмет көрсетіп, қиқу салды, қол соқты.


Сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов “Шахан” халық театрының тарихына, алғашқы режиссерлер мен әртістердің ерен еңбегіне тоқталды. Бүгінгі буынның жетістігіне алғысын білдірді. Абай облысында өткен халықаралық фестивальда театрдың режиссері Бақытжан Рүстемұлының “Қашқын” рөлін керемет сомдап шыққаны үшін бас жүлдені иемденгенімен құттықтап, аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ, мерейлі 75 жасқа толған А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері Асқарбек Сейілханға,  аталған театрдың көркемдік жетекшісі, “Қашқын” монодрамасының қоюшы режиссері Анар Сағымбековаға аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
Суретті түсірген Айдар Алдабергенов.

Обновлено 22.04.2025 11:01
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2191
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2191
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57136
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700404

Серіктестер