Онлайн газет



МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДА IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

Маусымдық қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы жұмысқа қабылданады.
Қолданыстағы заңда көрсетілуі бойынша, еңбек шарты - жұмыскер мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм, бұған сәйкес жұмыскер белгiлi бiр жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзi орындауға, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн сақтауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге келiсiлген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге мiндеттенедi.
Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгiлi бiр, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең (маусым) iшiнде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.
Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасасудың өзіндік ерекшелiктерi аталған кодексте бірнеше бабпен арнайы көрсетілген. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңi көрсетiлуге тиiс. Мысалға, ауыл шаруашылығында жаздық суғару жұмыстарына тартылған бақша суғарушылар, су реттеушілер мен от жағушылар үшін жасалған еңбек шартында жұмыстың басталған күнімен, аяқталар күні көрсетілуі тиіс.
Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыскердiң өзiне тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатындағы сынақ мерзiмi белгiленбейдi.
Жұмыс берушi маусымдық жұмыстарда iстейтiн жұмыскердi,  жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған және қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылғаннан басқа жағдайда еңбек шартының  бұзылатыны туралы күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi.
Өз кезегінде, маусымдық жұмыстарда iстейтiн жұмыскер еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушiнi күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Маусымдық жұмыстарда iстейтiн жұмыскермен еңбек шарты бұзылған кезде, жұмыс берушi пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлемiн жұмыс iстелген уақытқа барабар төлейдi.
Маусымдық жұмыста iстейтiн жұмыскермен еңбек шарты ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты тоқтатылған кезде екi апталық орташа жалақы мөлшерiнде демалыс жәрдемақысы төленедi.
Барлық жағдайда, маусымдық жұмыста iстейтiн жұмыскерлерге пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы мен заңда көрсетілген жәрдем ақы міндетті түрде төленуі тиіс.
Қорыта келгенде, маусымдық жұмыскерлермен еңбек шартын жасасудың өзіндік ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде жан-жақты қарастырылған, ал басқа құқықтары қолданыстағы заңға сәйкес реттеледі.

Жанмұрат Бекмұрзаев,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1078
mod_vvisit_counterКеше2697
mod_vvisit_counterОсы аптада6444
mod_vvisit_counterӨткен аптада25816
mod_vvisit_counterОсы айда36353
mod_vvisit_counterӨткен айда152172
mod_vvisit_counterБәрі3566594

Серіктестер