Онлайн газет



БЕРІК ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

Қазақ халқы отбасы беріктігі мен шаңырақтың шайқалмауын жоғары қойған. Босағаның берік, керегенің кең, шаңырақтың биік болуын іргелі елдіктің негізі деп ұққан. Ата-бабаларымыз отау құрса, өле-өлгенше бір шаңырақта өмір сүрген. Ал, бүгінде "отбасы ошақ қасындағы әңгімені" дау қылып, сотқа жүгінетіндердің саны артып келеді. Әрине жанұя болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Дегенмен не болса соған жанжал шығару әсте дұрыс емес.
Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасушылар саны едәуір өскен. Елімізде тіркелген әрбір үшінші неке бұзылып жатыр. Тәжірибемнен байқағаным, некені бұзуға арызданатындардың көбісі жастар және 80-90 пайызының кәмелет жасқа толмаған бір немесе бірнеше балалары бар. Ажырасушылардың әрқайсысы түрлі себептерді алға тартады. Бірі күйеуін кінәласа, енді бірі әйелін жазғырады. Жараса алмадық, мінезіміз үйлеспеді дейтіндер де бар. Енді бірі күйеуім ішеді, жұмыс істемейді дейді. Некені бұзу туралы азаматтық істі қараған кезде судьяның алдында тұрған міндет ерлі-зайыптыларды ажырату емес, керісінше татуластыруға, бір сөзбен айтқанда заңды некені сақтап қалуға негізделеді. Ерлі-зайыптыларға ашу-үстінде асығыс шешім қабылдамас үшін заң аясында ойлануға мерзім беріледі. Райынан қайтпауға бел буып келген кейбір жандарға судьяның шеберлігі мен парасаттылығының арқасында бейбіт шешімге келіп, табысып кеткендері де жоқ емес.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен «Отбасылық сот» жобасы қолға алынып, облыстық және республикалық маңызы  бар қалаларда жүзеге асырылып келеді. Бұл бастаманың басты мақсаты-ажырасушылар санын азайтып, жанжалдасып жүрген ерлі-зайыптылардың татуласуына септігін тигізу. Алғаш рет отбасылық соттың қызметі Жапонияда 1947-1948 жылдары қалыптасқан. Жапониядан кейін Франция, Англия, Бельгия, Люксембург пен АҚШ-та енгізілген. Аталмыш елдерде отбасылық соттың әлі күнге жұмыс істеуі оның қоғамымызға қаншалықты қажет екенін байқатады. Біздің елімізде де ерлі-зайыптылардың ажырасуы, алимент өндіруге қатысты істердің көбейе түсуі отбасылық соттың қоғамымызға қажеттілігін айқындай түседі.
«Отбасылық сот» жобасы отбасы-неке қатынастары саласындағы дауларды қарау тұрғысынан мүлдем басқа көзқарастағы бағыт ұстанып отыр. Мәселен, сот дауды сотқа дейінгі тергеу арқылы шешу жолымен шектелмейді, сонымен бірге отбасылық қатынастарды сауықтыру, жалпы отбасын сақтап қалу және дау-жанжалдан арылмай жүрген ерлі-зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолданады. Бұл үшін аталмыш соттарда татуластыру рәсімдерін өткізу жөнінде арнайы кабинеттер ашылған. Мұнда білікті психолог дау-жанжалға қатысушылармен әңгімелер өткізеді, дауды сот тәртібімен шешудің балаларға түсетін психологиялық салдарды түсіндіреді.
Қорытындылай келсек, қоғам үшін «Отбасылық сот» жобасының маңызы зор. Өйткені жоба отбасылық және неке қатынастары саласындағы дауларды қарауды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, жанұялық жарасымдылықты сақтауға, дауларды болдырмауға үлесін қосады.

Айкерім Телесбаева,
аудандық соттың судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1153
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2719
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19128
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855703

Серіктестер