Онлайн газет



Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Еліміз егемендікті еңсеруде талай қиыншылықтарды бастан кешірді. «Жерім» деп жаумен алысқан ата-бабамыз «елім» деп ұрандата қуғын-сүргіннің де құрбаны болғаны шындық. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы тотаритарлы орталықтың қазақ еліне жасаған ойранының салдарынан талай жан ашаршылықтың ауыр зардабын көрді. Статистика мәлімдегендей, сол бір зұлматтан миллиондаған халық жапа шеккен көрінеді. Небір алып асылдарымыз жазықсыздан-жазықсыз атылып, кейбірі айдауға жіберілген.

Тарих бетіне қаралы ізін қалдырған осынау оқиғаның құрбандарын ақтау, ерліктеріне тағзым ету тәуелсіздікке жеткеннен кейін қолға алынды. Нақтырақ айтсақ, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленіп, жылда республика көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Аудан орталығында өткен еске алу жиынында сөз сөйлеген аудан әкімі М.Шүкеев 1930-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін қазақ халқының жадында өшпестей із қалдырғанын, нәубәт жылдарда талай таңдаулы азаматтарымыз негізсіз жаламен сотталып кеткенін, көптеген халық өз Отанын тастап кетуге мәжбүр болғанын, титтей бала-шаға аштан қырылғанын айтып, қатыгездікке толы жаппай жазалау шаралары ауданымызға да өз ықпалын тигізгенін атап өтті. Қилы кезең құрбандары, қоғам қайраткері, жерлестеріміз Жақаш Мамыров, Сыдық Абланов, Намазбай Ақшабаев және т.б. асыл азаматтарымызды ардақ тұту басты парыз екендігін ауызға алған Мұратхан Жүнісәліұлы елімізде бейбітшілік мәңгілік салтанат құруына тілектестігін білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесі атынан сөзге шыққан қазыналы қария Өзбек Баушенов халқымыздың азаттық жолында мың өліп, мың тірілгенін тілге тиек ете келе, өткенді өнеге тұту кейінгі ұрпақтардың ұлы міндеті десе, аудандағы түрік мәдени орталығының өкілі А.Ануаров қиын да қысталаң уақытта жан-жаққа тараған халықтар өмірінен сыр шертіп, өзге елдерден келген түрік, өзбек, кәріс сынды ұлттарды құшақ жая қарсы алған қазақ еліне шынайы алғысын жеткізді.
Мұнан кейін саяси қуғын-сүргін құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынып, олардың әруағына арнап «Байзақ баба» мешітінің қызметкері Арман Көшербаев  құран оқыды. Артынша жиынға жиналғандар орталықтағы ашаршылық нәубетіне ұшырағандар мен жазықсыз жапа шеккендерге арналған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Обновлено 05.06.2014 12:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін238
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада6744
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда23374
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2275043

Серіктестер