Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, рухани мұрамызды сақтау - бұл барлық халықтың құндылығы болып табылады.
Мемлекеттік тіл, қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі екендігі, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту - ортақ міндет екендігін атап өткендігін жақсы білеміз.
Азаматтардың құқық қорғау органдарының қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі тілін таңдау құқығын сақтау бөлігінде мемлекеттік тілді қолданылуын кеңейту. Мәселен, Байзақ аудандық сотында қаралатын істердің біршамасы қазақ тілінде қаралып жатыр. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуі мемлекеттік тілде жүргізіліп, қажет болған жағдайда орыс тіліде мемлекеттік тілмен тең қолданылады. «Мемлекеттік тіл - бұл мемлекеттік басқару тілі, заңнама, іс жүргізу, сот ісін жүргізу, мемлекеттің барлық аумақтарында, барлық қоғамдық қарым-қатынастардың саласындағы қолданылатыны және де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын  кеңейту мақсатында іс жүргізу құжаттары қазақ тілінде жүргізілуі керек деп ойлаймын.
Сонымен қатар, сотта құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың қатысуымен тіл тақырыбында дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп отырады. Шарада тілдің өзектілігі және маңыздылығы, азаматтардың құқық қорғау органдарының қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі тілін таңдау құқығын сақтау бөлігінде мемлекеттік тілді қолдануды кеңейтудің мемлекеттік маңыздылығы түсіндіріледі. Соттар ішкі құжат айналымында қазақ тілін қолдану бойынша белсенді жұмыс жасайтыны, мемлекеттік тілдегі істер мен материалдардың санын көбейту, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізуде туындайтын мәселелер талқыланып отырады.

Айкерім Телесбаева,
аудандық соттың судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1167
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2733
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19142
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855717

Серіктестер