
Осындай тақырыпта аудандық орталық кітапханада жастармен кездесу ұйымдастырылды. Алқалы жиынға Жамбыл облысы әкімдігі «Дін істері басқармасы» КММ-нің бас маманы Самғат Мутанов, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ Дін істері бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Сәуле Арғынбаева қатысты. Жүздесу барысында деструктивті діни ағымдардың зиянына шолу жасалынып, ата дініміздің мақсатын сөз етті. Жастарға бүгінгі таңдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың қатері айтылып, жүректі кірлетпеу, діни иммунитетті қалыптастыру қажеттігіне екпін салынды. Терроризм мен экстремизмнің асыл дінімізге ешқандай қатысы жоқтығы
мысалдарға сүйене отырып, түсіндірілді. Елімізде тыйым салынған ұйымдар жайлы кеңінен мәлімет беріліп, «Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу» атты слайд көрсетілді. Бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, дәстүрлі құндылықтарды сақтаудың өзектілігі де назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Қостөбе ауылдық мәдениет үйінде, №3 Байзақ колледжі, №1 мектеп-гимназиясында болып, діни экстремизм мен терроризм қауіптілігі жайында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда жат діни ағымдардың ішкі және сыртқы сипаттары туралы, қоғам құндылықтарына кері әсері жайлы сөз өрбіді. Сондай-ақ, топ мүшелері бүгінгі таңда жас ұрпақтың тәрбиесіне баса көңіл бөлудің маңыздылығын айтып, олардың тура жол таңдауда жаңылыспауына ықпал ету керектігін жеткізді. Іс-шара соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан жауаптар берілді.
Гүлшахар ӘБДІҚҰЛОВА, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі. |
Обновлено 22.04.2025 10:48 |