Онлайн газет



ТОП БАСЫНДА – ТҮЙМЕКЕНТТІКТЕР

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен аптада аудан орталығындағы Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Ақәділ Суханбаев атындағы саябақта аудан  әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен екі күн қатарынан аудандық спорт жарысы өткізілді.
Оның алғашқысы «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен Жамбыл облыстық фестиваліне орай өткен іріктеу жарысына ауданымыздағы барлық округтердің жас спортшылары қатысты. Онда олар спорттық қалашық, ләңгі тебу, асық ату, орта доп, секірмек тәрізді ұлттық ойын түрлері бойынша 14 жасқа дейінгілер, 14-17 жас аралығындағылар, 18 жастан жоғарылар болып үш топта сынға түсті.  Екі жүзге тарта спортшы қатысқан жарыс өте тартысты өтті. Сондықтанда әрбір команда спорт түрлері бойынша барын салды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған Түймекент ауылдық округінің командасы жеңімпаз атанды. Ал, мырзатайлықтар мен көкталдықтарда жақсы ойын көрсетіп, екінші,  үшінші орындарды бөлісті.
Келесі күнгі осындай екінші жарыс «Біз терроризмге қарсымыз!» ұранымен өтті. Бұл жолы спортшылар жарыстың аудандық кезеңіне 16 жасқа дейінгі, 16-20 жас аралығындағы, 21 жастан жоғары ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Олар спорттың стрит воркаут, мас-рестлинг, гір тасын көтеру, арқан тарту және стритбол түрлері бойынша бақ сынады. Бұл жолыда спортшылар өз командаларының намысы үшін барын салып бақты. Аса тартысты, әрі қызықты өткен бәсекеде Түймекент ауылдық округі командасына ешкім шақ келмеді. Ал мырзатайлық спортшылар  екінші орынды иеленсе, сарыкемерлік спортшылар үшінші орынды қанағат тұтты.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1036
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2602
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19011
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855586

Серіктестер