Онлайн газет



ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылады.
Департаментпен жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту деректері анықталды.
Нақтырақ айтқанда, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жұмыс орнынан анықтаманың жоқтығына сілтеме жасалып, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан 3 азаматқа негізсіз бас тартылған. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаментпен олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.
Департаменттің ден қоюынан кейін қызмет алушылар бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде тұрғын үй алу кезегіне қойылып, олардың құқықтары толық қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8”А” мекенжайына немесе 8(7262) 43-88-08 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Руслан Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін300
mod_vvisit_counterКеше1344
mod_vvisit_counterОсы аптада1644
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда300
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2927315

Серіктестер