Онлайн газет



Байзақтықтар ерледі

Байзақ елі таланттар мекені екенін талай айтып жүрміз. Әнші, күйші, жазба ақындары, айтыскерлерімен мақтана алатын ауданымыздың тағы бір өнер иелері жуырда жарыстан жүлдемен оралды.  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік бөлімі ұйымдастырған «Менің елім Қазақстаным – Мәңгілік ел!» атты Шәмші Қалдаяқовтың сазгерлік шығармашылығына арналған ән фестиваліне қатысып қайтқан №3 Байзақ колледжінің оқытушы-ұйымдастырушысы Заман Молдабаев пен осы білім ошағының студенті Жаңыл Абдымомынова алдыңғы шептен көріне білді.  Қордай ауданындағы №7 Бетқайнар оқу ордасының базасында өткен аталмыш сайыста облысымыздағы 19 кәсіптік колледждерден келген оқытушылар мен білімгерлер бақ сынаған болатын.
Байқауда ән жанрының әйгілі майталманы Шәмшінің «Сыган серенадасын» әуелете орындаған Заман Молдабаев әдемі дауысымен көпті баурап алса, оның шәкірті Жаңыл Абдымомынова «Өмір өзенді» шарықтата шырқап, өзгелерден оқ бойы озық шықты. Ауданның намысын қорғап келген қос дарын фестивалдің І орынын қанжығаларына байлап, қоржынымызды  және бір жүлдемен толықтырды.
Бұған дейін де көптеген додаларда дараланып жүрген З.Молдабаев пен оның өнерлі шәкіртіне алда да сәттіліктер тілейміз.

Өз тілшіміз.

Обновлено 05.06.2014 12:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1562
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6251
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22881
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274550

Серіктестер