Онлайн газет



ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ - ОРТАҚ ІС

Өткен аптаның жұмасында аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Оған  аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков пен аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов,  комиссия мүшелері, мектеп директорлары қатысты.
Отырысқа шығарылған үш мәселенің екеуі қаралды. Алдымен «Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарының барысы туралы» аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры  Азамат Үзеннің баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың жағдайын өткен жылдың осы кезеңімен салыстыра отырып баяндады. Мәселен, 2025 жылдың үш айында ЮПТ қызметкерлерімен кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу  үшін  аудан аумағында 229 (2024 жылы-208) әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған. Ал кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу мақсатында аудан аумағында 54, оның 20-ы мектепішілік рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған.


Бұдан кейін «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ұсынымдарының орындалуы туралы» комиссия хатшысы Жасұлан Үсенбаев есеп берді.
Отырыста  аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов  және аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Аудан әкімі Олжас Елебекұлы қоғам алдында тұрған басты міндет-кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстылықтың өсуін төмендету, олардың алдын алу  маңызды екендігін айтты.  Мектеп директорларын балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында бірлесе еңбек етуге, бала тәрбиесіне қатысты жауаптыларды өз міндетіне салғырт қарамауға және кадр мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Комиссия отырысына Байзақ ауданы білім бөлімі басшысының отырысқа себепсіз келмеуіне қатысты «Аудандағы білім беру мекемелерінде суицидтің және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәселе кейінге қалдырылып, аталған бөлім басшысына тәртіптік шара беру туралы ұсыныс хаттамаға енгізілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 15.04.2025 11:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін182
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3336
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33476
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824682

Серіктестер