Онлайн газет



БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Өткен аптаның сенбісінде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында  «TAZALIKE» жобасымен Мырзатай ауылдық округінің Сеңкібай ауылында «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Олжас Баққараев, аудандық мәслихат аппараты, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары мен қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер, «Amanat» партиясы аудандық филиалының ұжымы мен белсенді жастар, Мырзатай ауылдық округі әкімінің аппараты және ауыл тұрғындары қатысты.
“Өз ағашыңды отырғыз” акциясында аудан әкімі Олжас Елебекұлы да көпшілікпен бірге тал отырғызды. Сондай-ақ ол алдағы уақытта тазалық акциясы сенбі сайын әр елді мекенде өз жалғасын табатынын, көктемгі екі айлық аясындағы іс-шараларға біркісідей қатысудың маңыздылығын жеткізді.
Акция барысында 570 дана қарағаш, 100 дана жеміс ағаштары, 15 дана можжевельник, 15 дана қарағай көшеттері отырғызылды. 500 шаршы метр мектеп қоршауы сырланып, өткен жылы егілген ағаш көшеттерінің түптері қопсытылды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 15.04.2025 11:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін221
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада2973
mod_vvisit_counterӨткен аптада10005
mod_vvisit_counterОсы айда21262
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2948277

Серіктестер