Онлайн газет



ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Өткен аптада Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен шахматтан Жамбыл облысының Senat open ашық біріншілігінің іріктеу турнирі өтті.
Турнир қоғам қайраткерлері, барлық деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер мен ардагерлер арасында ойлылардың ойыны саналатын шахматты кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Жарысқа барлық аудан, қала командалары қатысып, тақта үстіндегі тартыс қыза түсті. Нәтижесінде барлық қарсыластарынан басым түскен аудан командасы бірінші орынды иеленіп, кубокты жеңіп алды.
Жекелеген ойыншылар арасында депутаттар арасында өткен жарыста аудандық мәслихаттың V, VI, VIII шақырылым депутаты Нұржан Тлепов І орынды, ал аудандық мәслихаттың VI шақырылым депутаты Алтай Тастанов жүлделі ІІ орынға ие болды.
Ардагерлер арасында өткен турнирде Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің мемлекеттік қызметкері Жамалбек Әсембаев барлық қарсыласын ұтып, І орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздар диплом, медальмен марапатталды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 15.04.2025 11:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін147
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3301
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33441
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824647

Серіктестер