Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МАҚТАНЫШЫМ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі.
Мемлекеттік тіл - елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, патриоттық сезім ұялататын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды десек артық болмас.  Сонымен қатар, мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты.
Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, бәрімізге ортақ тіл. Сондықтан да «Мемлекеттік тілдің проблемасы-тек қазақ халқының ғана проблемасы» - деп немқұрайлы қарауға болмайды. Әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмейді.
Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйреніп, білуге бейім болуы қажет. Алдағы уақытта, болашақта мемлекеттік тіл ретінде оның мәртебесі біздің елімізде қоғам биігінен көрінуге тиіс, көрінетіндігіне кәміл сенеміз. Әсіресе, мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметте бірлі-жарым кісі ғана емес, барлық қызметші білуге міндетті деп санаймын. Мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік қызметке жіберілмеуі қажет. Яғни, мемлекеттік тілді білмейтін тұлға бұл қызметке әлі дайын емес, оның өзі азаматы болып табылатын елдің Ата Заңын, мемлекеттік тілін, ел иесі – ұлтты сыйлау сезімі оянбаған деген сөз. Демек, ол бұл елді Отаным деп сезінбейді деп түсінуге болады.
Байзақ аудандық сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің құжат айналымында қолданылуы бойынша статистикасына тоқталып өтсек. Ішкі құжаттар мемлекеттік тілде 100%, кіріс хаттары мемлекеттік тілде 46,1%, ал шығыс хаттары мемлекеттік тілде 99,92%  құраған. Көріп отырғанымыздай, аудандық сот өндірісіне кіріс құжаттарының мемлекеттік тіліндегі пайыздық көрсеткіші төмен көрсеткішке ие болып отыр.
Сот өндірісіне жиі ресми тілінде келіп түсетін  құжаттар мен талап арыздарды жолдайтын көп жағдайда мемлекеттік емес мекемелер болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыруды қолдай отырып, аудандық сотпен мемлекеттік тілді жандандыру, тұғырын көтеру мақсатында басқа да органдардың, мекемелердің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп, сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.
Қорыта келе, мемлекеттік тілдің тұғырын көтеру өз қолымызда екенін ұмытпайық. Тіл-халықтың рухани, мәдени байлығы дамуының құралы екенін ескере отырып, қазақ тілі - еліміздің азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болатынына кәміл сенемін.

Ерболат Жақсыбаев,
Байзақ аудандық соты әкімшісінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін201
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3355
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33495
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824701

Серіктестер