Сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы-құқықтық мемлекеттің басты тірегі. Соңғы жылдары елімізде қылмыстық істер бойынша сот процестерінің ашық өтуі жиі айтылып жүр. Бұл-қоғамда әділетке деген сенімді күшейтуге арналған маңызды қадам. Біздің өңірімізде де сот істерінің барысын жариялау арқылы халықтың құқықтық сауатын арттыруға үлес қосып келеді. Мысалы, аудандық сотпен жуырда сотталушы М.Д.-ға ҚР-сы ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі, 200-бабының 2-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарып, абайсызда көлік құралдарын бүлдіруге алып келген әрекеттер және автомобильді
жымқыру мақсатынсыз құқықа сыйымыз иеленіп жасаған) қылмыстық іс қаралып, М.Д.-ға сот үкімімен 4 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Аталған іс бұрын сотты болғандардың және кәмелетке толмағандардың қатысуымен қаралды. Іске аталған тұлғалардың қатыстырылуының басты себебі-сотталушы бұрын сотты бола тұра қайта қылмыс жасап, бұрын сотпен тағайындалған жазадан нәтиже шығармай, дұрыс жолға түспей қайта қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Сондықтан аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен бұрын сотты болғандарға және кәмелетке толмағандарға сабақ болсын деген ниетпен ашық сот отырысына аталған тұлғалар қатыстырылып, ол туралы әлеуметтік желілерге жарияланды. Сот процесінің жария түрде өтуі-тек құқық қорғау органдарының жұмысына баға беру емес, сонымен қатар халық пен сот арасындағы сенімді нығайтатын көпір. Қорытындылай келе, сот процесінің барысын жариялау-заң аясында, тәртіппен жүргізілсе, ол қоғамға пайдасын тигізеді. Әрбір тұрғын заңның ашық және әділ орындалатынын өз көзімен көруі құқықтық сананы дамытуға септігін тигізеді.
Жұлдыз Қойкенова, Байзақ аудандық прокуратурасының аға прокуроры. |