Онлайн газет



1940 ТҰРҒЫНҒА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 1940 азаматқа зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалған. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 1957 адам өтініш білдірген.
Екі көзден (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге 128 адам өтініш берді, оның 127-не арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) берілетін АӘТ тағайындауға 1829 адам өтініш білдіріп, оның 1813-і мақұлданған.
Міндетті шартқа сәйкес келмеуіне байланысты 1 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды, сондай-ақ 16 азаматтың өтініштері  қарау сатысында тұр.
Сондай-ақ, 74 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартының жасалуын күтуде, 50 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген.
Өңірлер арасында арнаулы әлеуметтік төлемге өтініш білдіргендердің ең көбі Қарағанды (2 көзден – 17 адам, 4 көз – 217 адам), Шығыс Қазақстан (2 көзден – 16 адам, 4 көз – 180 адам) және Қостанай (2 көзден – 2 адам, 4 көзден – 180 адам) облыстарында тіркелді.
Еске сала кетейік 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады. Олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша АӘТ 13568 азаматқа, оның ішінде 2 көзден 3 093 алушыға, 4 көзден 10 475 алушыға тағайындалды. Төлемнің орташаға мөлшері 208 мың теңгеден асты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін130
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3284
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33424
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824630

Серіктестер