Онлайн газет



Мемлекеттік қызмет болашаққа бастар жол

Н. Қуанышбеков,
Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.

Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы қоғамдағы  адамдық-азаматтық сапаның артуына мейлінше әсер етіп отырғаны шындық. Қай саланың болсада өркендеуі үшін, көкірек көзінің ашықтығы ерекше мәнге ие екендігін түсінген сайын әркім өз орнын білумен қатар жауапкершілікті де сезіну жағдайына бейімделе түскен. Десе де ел болашағына мемлекеттік қызметкердің атқаратын рөлінің маңыздылығын бүгінгі таңда біреу білсе, кейбіреудің түсінбейтіні шындық. “Маған мемлекет не береді”деген ойдан гөрі, “мен мемлекетке не бере аламын?” деген азаматтың отансүйгіштік сезімінің үлкен мағынаға толы екендігі рас.
Бүгінгі тұста жастар үшін басты ұстаным мемлекеттік қызметтің тиімділігін терең ұғынып, ізгілікті істер атқару, яғни жоғары саналылық үлгісін көрсету болып табылады. Елбасымыздың көптеген бағдарламалары мен Үкіметке орындауға берген тапсырамалары ең бірінші ауылдық және аудандық жерлердегі мамандардың зор міндет артады.
Өз басым мемлекеттік қызметкер қатарына кіргеніме үш жылдан астам уақыт ішінде көптеген елдік мәселелердің мәнісін түсініп қалғандаймын. Түсінігім толыса бастаған сайын «Мемлекеттік қызметкер» атына лайықты өмір дағдысын меңгеру үстіндемін және өзім мақтаныш сезімде жүргенімді айтып қою артық емес шығар. Осы тұста Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды басшылыққа ұстанудамыз. Сондықтанда әр қызметкер мейлі ол дәрігер, ұстаз немесе мемлекеттік басқарушы болмасын өз ісіне жауапты болғаны абзал. Еліміздің болашағы ертеңгі жастарға осындай тәлім-тәрбие беру ол әр мемлекеттік қызметкерлердің міндеті деп білем.
Мемлекеттік қызмет ол халықтың саған жүктеген үлкен абыройы мен міндеті ол дегеніміз өзіңмен үлкен жауапкершілікті және қандайда шешім қабылдамас бұрын ақыл ойға салуды талап ететін қызмет дегім келеді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін496
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5185
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21815
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273484

Серіктестер