Онлайн газет



БЕС ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛЕДІ

Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес 5 қызмет түрі көрсетіледі. Соның бірі - “Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу” мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері - “Электрондық үкіметтің” веб-порталы және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде;
Екінші кезең - жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі - электрондық (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - тегін.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі-сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш, сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
Мелекеттік қызмет түрі бойынша 2024 жылы 17 өтініш, 39 түсіндірме жұмыстары және 2025 жылдың басынан 1 өтініш қабылданған, 5 түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылып, заң бұзушылық фактісі тіркелмеген. Ауылдық клубта қызмет көрсетудің ақпараттық орталығы жұмыс атқаруда. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қызмет түрлерін келіп ала алады.

Гүлбану РАКУЛОВА,
Қостөбе ауылдық округінің бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін119
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3273
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33413
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824619

Серіктестер