Онлайн газет



Балалар қуанышқа кенелген күн

К.Шәмші.
ТарМУ-дің студенті.

“Адамның бір қызығы  бала деген” екен Абай атамыз. Ел ертеңі-балаларға деген қамқорлық  елімізде жан-жақты жасалған. Өткен аптада  Халықарылық балаларды қорғау күні ауданымыздың орталығында кеңінен аталып өтті. «Біз - қазақстандық балалармыз», «Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» атты тақырыппен  өткен шараны аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы өнерпаздарының ертегілер әлемінен сахналанған көрінісімен ашылды.
Мерейлі мерекені аудан әкімі аппаратының бас инспекторы С.Иманова ашып, балаларды төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұдан соң аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Т.Кадимова сөйледі. Аудандық мәслихаттың депутаты Тазагүл Кәдімқызы бүлдіршіндерді жарқын мейрамымен құттықтап, ақ тілегін тіледі.
Сондай-ақ ,“Нұр Отан”  партиясы Байзақ аудандық филалы және аудандық  мәслихаттың  депутаттары Р.Сарсенов,Ж.Есенқұлов, А.Исабаев, А.Үкібаев, Е.Аширбековтер-дің демеушілігімен,  аудан әкімдігі  жұмыспен  қамту және  әлеуметтік   бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы  қызмет көрсету  құрылымдық бөлімшесі мен  дене  шынықтыру және  спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі  шектеулі балалар бірнеше спорт түнінен жарыс өрбіді.  Арбамен жарыс, дойбы, қол күресі, доп лақтыру сынды ойындар оза  шауып,  бәйге алғандар: мүгедектік арбамен жарыстан Н.Қалдар,Г.Маметова, ал дойбыдан Д.Әбдімомынов, Р.Кабазова қарсыластарын дес бермей, жеңіс тұғырынан көрініп, марапатталды. Мұнымен қатар  мүмкіндігі шектеулі балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. «Мәңгілік бейбіт ел бала көзімен»тақырыбында  асфальтке  сурет салды. «Алтын ине»атты көрмені жиналған көпшілік тамашалады.
Мереке соңы аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жеңімпаздар  арнайы сыйлықтармен марапатталды. Аудандық іскер әйелдер қауымдастығының демеушілігімен  барлық бүлдіршіндерге тегін  балмұздақ таратылды.

Обновлено 05.06.2014 12:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1230
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5919
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22549
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274218

Серіктестер