Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың сұранысын жылдам әрі сапалы орындау үшін бүгінде мемлекеттік қызметтер электронды жүйеге көшіріліп, тиімділігі артқан. Әр салада мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматта алу үшін тұрғындар оның жолын білуі тиіс. Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» және мемлекеттік қызметтердің орындалу мерзімдері мен тәртіптері мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмдері ережемен бекітілген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа
көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «бір терезе» қағидасы бойынша және «Е-лицензия», «ИИС-ЦОН» жүйелері арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар, жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін қызмет түрлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» №301 бұйрығына сәйкес біршама өзгерістер енгізілді. Қағидада қызметті берушінің атауы, қызмет көрсету мерзімі, нысаны, нәтижесі, тәсілдері нақты көрсетілген. Аталған бұйрықтың №14 қосымшасына сәйкес, "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметі қосылды. Мемлекеттік қызметті Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жеке және заңды тұлғаларға "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күн ішінде және тегін көрсетілетін болады. Аталған мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде көрсетіледі. Қызметті алу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі: 1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш; 2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппаратында арнайы ақпараттық тақта орнатылған. Ол тақтада ауылдық округтегі көрсетелетін мемлекеттік қызметтердің түрлері, қағидалары, қызмет көрсету тәртібі тағы басқа мәліметтер орналастырылған. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ауылдық округ әкімінің ресми сайытынан, ауылдық округтің әлеуметтік желілерінен көріп танысуға болады. Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппаратына 2024 жылы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметі бойынша 11 өтініш, 2025 жылы 1 өтініш түсіп, барлық өтініштер қағидаға сәйкес қаралып, қанағаттандырылды.
Мейрбек БАЛМУРЗАЕВ, Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. |