Онлайн газет



ТӘРБИЕ НЕГІЗІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА

2024-2025 оқу жылына арналған “Біртұтас  тәрбие” бағдарламасын іске асыру бойынша медиа-жоспарды орындау мақсатында №2 орта мектебінің 4 “Ә”-сыныбының жетекшісі Жазира Ахметованың ұйымдастыруымен “Атадан-өсиет, анадан-қасиет” тақырыбында ата-ана Берікбай Бексұлтанов пен  Бибігүл Сембиеваның қатысуымен шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағаты барысында ата-ана Берікбай мен Бибігүл Бексұлтановтар балаларға бүгінде ұлттық қолөнер кәсібін жасау жолдарын және оны қалай ұлттық брендке айналдыруға болатындығын  көрнекі іс-шаралар арқылы сіңіруге болатындығымен бөлісті.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының жайлау мәдениетімен, амандасу дәстүрлерімен, ұлттық қолөнер түрлерімен танысты. Мақсаты-ұлттық құндылықтарды насихаттау, тәрбиеленушілерді ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелеу, ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін бағалауға және оларды қазіргі өмірде қолдануға үйрету. 
Іс-шараның алғашқы бөлімі оқушыларға қазақ халқының табиғатпен тығыз байланысты жайлауда өмір сүрген дәстүрлері туралы айтылды. Келесі бөлімде балалар жүннен ою-өрнек жасау, шаш өру және қамшы өру сияқты ұлттық қолөнер түрлерімен танысты.


Тәрбие сағатының соңында ақжаулықты ана қызбалаларға қонақкәде таратып, ақсақал бата берді.
Ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлтымыздың асыл мұрасын, рухани байлығын өсіп келе жатқан жас ұрпақ бойына сіңіру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген құрметті қалыптастыру, ұлттық қолөнер түрлерінің маңыздылығын түсіндіру, халқына адал қызмет ететін, отансүйгіш тұлғаларды тәрбиелеп шығару – басты міндеттің бірі саналады. Осы бағытта қолға алынған іс-шаралардың дені ұлттық дәстүр мен құндылықтарымызды қазіргі мәдени үрдістер және жаңашыл технологиялармен өзара үйлесімділігін кіріктіре отырып, өткізудеміз. Бұл өз кезегінде жемісін беретіндігіне сенімдіміз.

Бану Абдурахманова,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Обновлено 11.04.2025 10:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін131
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3285
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33425
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824631

Серіктестер