Онлайн газет



ӘЛЕМ ҚОЛДАҒАН ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Осыдан 12 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы сәуір айының 7-сі Халықаралық спорт күнін атап өту турасында шешім қабылдаған болатын. Бұл күн ресми «Даму мен бейбітшілік үшін халықаралық спорт күні» атауына ие. Әлем бойынша аталып өтетін спорт күнінде миллиондаған адам спорттық іс-шараға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауды әдетке айналдырған.
Осы бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және тұрғындардың, оның ішінде, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, спортқа баулу мақсатында кеше  Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «BAIZAK JUNIOR MARATNON» шарасы болып өтті.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы ұйымдастырған шараға “AES HIGH SCHOOL BAYZAK” ЖШС-і мектебі демеушілік көрсетті. Бірлесе өткізілген шараға білім беру мекемелерінің 9,10-сыныпта оқитын 145 оқушылары қатысты.
Алдымен жарыс қатысушыларына төрешілер ережені түсіндіріп, таңғы жаттығулар жасатты. «Royal Palase» мейрамханасы алдынан бастау алған марафонда қатысушылар А.Суханбаев атындағы орталық саябаққа дейін 3 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Тәртіп сақшыларының сүйемелдеуімен жол қауіпсіздігі ережесі сақталып, жедел жәрдем көлігі ілесіп отырды.


Мәреге алғашқы болып жеткен марафоншы ұл-қыздар демеушілер тағайындаған медаль, диплом және ақшалай сертификаттарға ие болды. Оларды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Әділханұлы, “AES HIGH SCHOOL BAYZAK” ЖШС-і құрылтайшысы Әзімбек Сүгірәлиевтер салтанатты түрде табыстады.
Шара соңы шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 08.04.2025 16:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін100
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3254
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33394
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824600

Серіктестер