Онлайн газет



«QAMQOR.GOV.KZ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ» ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛЫ

Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізудің тапсырмаларының бірі - бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды елдегі құқықтық тәртіптің және заңдылықтың жай-күйі туралы тиімді және жеткілікті ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту болып табылады.
Осыған байланысты, елдегі және кейбір аймақтардағы қылмыстық жағдайы туралы, сонымен қатар интерактивті қызметтерді ұсынуға бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде Комитеттің деректер қорына қашықтықтан қол жеткізу жолымен

«QAMQOR.GOV.KZ» Ақпараттық жүйесі» интернет-порталы құрастырылған.
Интернет-порталы болуының арқасында кейбір қызметтерді мемлекеттік ұйымдарға жеке бармай-ақ алуға болады.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері үнемі кеңейіп келеді.
Қазіргі уақытта «Qamqor.gov.kz» жүйесінде келесі бөлімдер қолжетімді:
1. полицияға онлайн арыз беру;
2. әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағымдану;
3. тексерудің тіркелгендігі туралы ақпарат;
4. автокөлікті ЖКО-на зардап шеккендермен бірге тексеру;
5. өз өтінішіңізді тексеру;
6. құқық бұзушылық туралы өтініштің тіркелуін тексеру;
7. өз айыппұлдарыңыз туралы мәліметтерді тексеру;
8. СДТБТ қоғамдық секторы;
9. сотпен әрекетке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар тізілімі;
10. балаларды іздеу;
11. алимент бойынша борышкерлерді іздеу;
12. қылмыскерлерді іздеу;
13. борышкерлерді іздеу;
14. хабарсыз кеткендерді іздеу.
Сонымен қоса, «Qamqor.gov.kz» жүйесінен келесі мәліметтерді алуға болады:
- соңғы бірнеше жылдағы құқықтық статистика туралы динамика, диаграммалар, аймақтар бойынша, соның ішінде ел картасындағы сандық көрсеткіштер;
- қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы құқықтық статистикалық мәліметтерді, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалғандарды географиялық карта түрінде қарау;
- кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар туралы; кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер туралы;
-адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы;
- Комитет қызметіне байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар: әкімшілік айыппұлдарды есепке алу және тіркеу, мемлекеттік органдармен азаматтардың өтініштерін тіркеу және қарау тәртібі, соттылығы бар немесе жоқтығы туралы мәліметтер.

 

Ажар  Ниязбек,
ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  Комитеті Жамбыл облысы бойынша Департаментінің аға прокуроры.

Обновлено 08.04.2025 16:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2096
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5093
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43911
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214219

Серіктестер