Онлайн газет



ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ- ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

Мектеп қабырғасында білім алып жүрген оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу арқылы ата-аналарының мамандығына деген құрметті қалыптастыру,  жаһандану дәуірінде бала тәрбиесінің маңыздылығына басты назар аударудың өзектілігі күн санап артып келеді. Міне осы мәселені басты мақсат етіп алған шара “Еңбек” орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нафиса Каримбаеваның ұйымдастыруымен 1 «А» -сынып жетекшісі Ақтоты Көпбосынова оқушыларымен “Атадан-өсиет, Анадан-қасиет” атты шеберлік сынып сағатын өткізді.
Алдымен сынып оқушылары екі топқа бөлініп, ұл балалар: Алаш Азамат, Аділхан Алімхан, Әбдімүтәліп Данияр, Жетпіс Заңғар, Алишер Камилжан, Бақытхан Қарымсақ түрлі кәсіп иелерімен кездесті. Атап айтқанда, осы мектепте алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Асылхан Матлапов өзінің мамандығы туралы айтып, “Калашников” қаруын жартылай шашып, жинау әдістерін көрсетті. Тараз қаласында №4 өрт сөндіру бөлімінде бөлім басшысы болып істейтін, Заңғардың әкесі-Мұхтар Абилдаев өрт шыққан жағдайда адамдарды құтқару кезінде қалай әрекет жасау қажеттігін, өрт сөндірушілердің киетін киімдері, өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдерін көрсетті. Әбдімүтәліптің әкесі Нұрбақыт Абдиманатов етік тігудің - қыр-сырынан ақпарат берді.
Екінші топ-қыздармен аналар арасындағы  әңгіме жартылай киіз үйдің ішінде кең жайылған дастархан басында өтті. Ауылдың ардақты әжесі Зина Әлайдарова батасын берген соң, сынып жетекшісі Ақтоты Күмісбекқызы қыз баланың тәрбиесі туралы терең мағыналы әңгіме қозғады. Шаш күтімі,  “Анасын көріп, қызын ал...” мақалдың мағынасы, қыз балаға анасы нені үйрету, үй шаруасына қыз баланы қанша жасынан бастап араластыру,  қонақжайлылық, меймандостық, ана бақыты төңірегінде ауыл келіндері Гүлнұр Нұрымбетова, Ақбаян Садвакасова, Шәрбану Утеулиева, Айнұр Кенжеевалармен сыр-сұхбат жүргізілді. Оқушылар Ақназым Асан, Айым Әуезхан, Кәусар Ботанбай, Жанерке Жақсығұл, Талшын Елеукен мақал-мәтелдер айтып жарысты. Әсіресе Алаш Азаматтың орындауындағы “Ана” әні көпшіліктің ыстық ықыласын тудырды.
Бұдан бөлек, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, ұрпақ тәрбиесі, соның ішінде ұл мен қыз бала тәрбиесі, өсіп келе жатқан ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру,  жас толқын бойына  жомарттық, адалдық, сабыр мен төзім, ұят пен ар, қанағат, қайсарлық секілді ізгі қасиеттермен қатар әке-шешесінің мамандығына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру төңірегінде әңгіме өрбіді.
Шеберлік  сынып сағатының соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нафиса Базарбайқызы ұстаздың ата-аналармен қоян-қолтық  жұмыс жасап жатқандығын айтып, айтулы шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтті. Ақтоты Күмісбекқызына шығармашылық табыс тіледі.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 08.04.2025 16:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін157
mod_vvisit_counterКеше1344
mod_vvisit_counterОсы аптада1501
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда157
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2927172

Серіктестер