Онлайн газет



“ҚЫЗЫМ ЕРКЕМ, АНАСЫМЕН КӨРКЕМ”

Осындай тақырыпта Байзақ ауылындағы С.Абланов атындағы орта мектептің жанынан ашылған “Ботамойнақ” шағын орталығының топ тәрбиешілері Айгерім Жапарқұлова мен Алтынай Уалиеваның ұйытқы болуымен «Күншуақ» орта тобында жас аналар мен тәрбиеленуші қыздар арасында отбасылық байқау өтті.
Байқауға 4 жас ана қыздарымен және бір әже немересімен қатысты. Іс-шараны ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Несіпкүл Ахметова ашып, бүгінгі ұл-ертеңгі әке, бүгінгі қыз-ертеңгі ана екендігін, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Мұнан кейін үміткерлер “Тегін білу-тектілік” аталымында өздерін жан-жақты таныстырды. “Халқын сүйген, салтын сүйер” кезеңінде халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан көріністер көрсетті. “Талаптыға нұр жауар” аталымында қолдарынан шыққан бұйымдардың  жасалу жолдарын айтып берді. “Өнерлі өрге жүзер” кезеңінде ән айтып, би биледі, арнау жырларынан шашу шашты. “Ас адамның арқауы” аталымында ас түрлерін қалай әзірлейтіндігін, ал “Қыздарға әсемдік жарасады” аталымында сән үлгілерін көрсетті.
Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені  Асемгүл Аденбаева және қызы Шырайлым жеңіп алды. Бірінші орынға Орын әже Тапаева немересі Аружан және Аида Жакипова мен қызы Балайым, екінші орынға Құралай Төлебаева мен қызы Инабат және Толғанай Бақбергенова мен қызы Асылым ие болды.
Тағылым мол шара барысында әндер шырқалып, ұлдар “Көк жигули” биін орындады.
Байқау соңында Несіпкүл Ахметова жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, арнайы мадақтама мен сыйлықтарды табыс етті.

Эльмира Айтқұлова,
әдіскер.

Обновлено 08.04.2025 16:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін125
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3279
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33419
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824625

Серіктестер