Онлайн газет



ӨРТТІҢ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Күннің қатты ысып кетуіне орай орман-дала алқаптарының аумағында өрттің қауіпті кезеңі басталды. Осы кезеңде құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты ауылдық елді мекендерде, орман учаскелерінде және ауыл шаруашылығы алқаптарында өрт саны күрт өседі. Өрттің басым бөлігі бақыланбайтын ауыл шаруашылығы өрттерінің салдарынан, ормандар отты абайсыз пайдалану салдарынан да жанады. Бұл бау-бақша учаскелерін жинаумен (қоқыс пен шөптерді өртеу) және халықтың табиғатқа жаппай шығуымен (от жағу, темекі шегу және тағы басқа) байланысты.
Осыған орай, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен шаруа қожалықтары бойынша рейдтер жүргізіледі, нұсқамалар өткізіледі. Өрт сөндіргіштердің бар-жоғы тексеріледі, ұсынымдармен арнайы жадынамалар таратылады.
Аудан аумағында дала және орман өрттерінің алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында  мобильдік топ құрылып, аталған топ апта сайын аудан аумағында рейд ұйымдастыруда.
Рейд барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, ауыл шаруашылығы алқаптарында рұқсатсыз өртеу, орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін жеткізуде.
Бүгінгі таңға дейін аудан аумағында 3 рейд жүргізіліп, 36 тұрғынға өрт қауіпсіздігін сақтау туралы жадынама таратылды.

Медет Таукебаев,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін858
mod_vvisit_counterКеше1335
mod_vvisit_counterОсы аптада7126
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда15410
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2942425

Серіктестер