Онлайн газет



АЛЫНҒАН ЖЕР НЕГЕ ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ОТЫР?

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрманов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыс алдында аудан әкімі О.Баққараев ұзақ жылдар ауданымызда жауапты қызметтер атқарып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан Қызыл жұлдыз ауылдық округінде әкім қызметін атқарған Нұржан Құдайбергеновке алғыс айтып, аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Отырыста «Жеке инвестициялық жобаларға берілген жерлердің іске асырылу барысы туралы» аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Тұрсынбек баяндады.
-2022-2024 жылдары сауда-саттық арқылы кәсіпкерлік мақсатында көлемі 5,2 гектарды құрайтын, жалпы сомасы 11 289 207 теңгеге 26 жер учаскесі қысқа мерзімге жалдау құқығымен сатылған. Берілген жер телімдеріне Диқан, Бәйтерек, Мырзатай, Ботамойнақ, Сазтерек, Жалғызтөбе ауылдық округтерінде балық шаруашылығын жүргізу, балабақша құрылысы, сүт фермасын соғу, кірпіш зауытын салу, спорт комплекстері құрылысын жүргізу көзделген.
Инвестициялық жобалар бойынша «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 33,3 гектар жер телімдері Ботамойнақ ауылдық округінен трактор зауыты, органикалық тыңайтқыш зауыты, ипподром құрылыстары үшін берілді.
«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-нен жарылғыш және оқ-дәрі шығаратын зауыт құрылысына 40 гектар жер телімін қарастыруға ұсыныс келді. Алайда аталған жерлер бойынша компания бірнеше талаптар қоюда.
Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығына аудан бойынша 15 жер телімдері кәсіпкерлік мақсатында пайдалану бойынша сауда-саттыққа шығару жоспарланып отыр, - деді Ержан Бақытжанұлы.
Қысқа мерзімге сатылған 26 жер учаскелерінің көпшілігі әлі күнге дейін пайдаланылмай, ешқандай құрылыс салынбаған.


Алынған жерде 3 жыл ішінде жұмыс басталмаса ол жер қайтарылып алынатыны белгілі. Сондықтанда бұл жерлер аудан әкімдігінің жер қатынастары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдері, жергілікті әкімдердің бақылауында болуы керектігін аудан басшысы қадап айтты. Демек, тиісті бөлімдер мен әкімдіктер тарапынан қадағалау өз дәрежесінде болмаған. Кейбір ауылдық округ әкімдері өз аумақтарынан жер алған азаматтарды білмейтінде болып шықты. Аудан басшысы бұл мәселе бойынша 3 жылдағы атқарылған жұмыстарды талдап, бірінші тоқсанның қорытындысымен қайта қаралатынын ескертті.
«Халықты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары туралы» Байзақ аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры Нұржан Тлепов айтып берді.
-Мансаптық орталық қызметінің мақсаты – Әлеуметтік кодекске сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Ауданның экономикалық белсенді халқы 50 913 адам болса, оның 48 600-ы жұмыспен қамтылған. Мұны тарқатып айтар болсақ, жалдамалы қызметкерлер – 32 300, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 16 300 адам. Жұмыссыздар – 2 313 адам немесе жұмыссыздық деңгейі – 4,5 пайызды құрап отыр, - деген Нұржан Сейдазымұлы мекемедегі Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және тұрақты жұмысқа орналастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, Бос жұмыс орындарына орналастыру, қоғамдық жұмыс орындарының жоспарлары туралы слайдта көрсете отырып баяндады.
Аудан әкімі тұрақты жұмысқа орналастыру мен Алғашқы жұмыс орны жобасы көрсеткіштерінің неге төмен екендігін сұрап, білді. Бұл көрсеткіштер бойынша ауылдық округ әкімдерімен тығыз байланыста жұмыс істеу керектігін ескертті. Ал бұл ауыл әкімдерінің индикаторларына кіретіндіктерінде еске салды.
Отырыста аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев қаралған мәселелерге байланысты өз ұсыныстарын айтты.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 04.04.2025 11:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін171
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3325
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33465
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824671

Серіктестер