Онлайн газет



БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIII сессиясы өтті. Сессияға 11 депутат, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы депутат Елнұрбек Ермеков ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы  25 желтоқсандағы №40-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндады.
Баяндамашының айтуына қарағанда бюджеттің кіріс бөлігі жоғары тұрған бюджеттен трансферттік түсімдер есебінен 1,5 млрд. теңгеге ұлғайды. Ал бюджеттің шығыс бөлігінде жоғарыдан түскен трансферттік түсімдер, бос қалдықтар және ішінара үнемделген қаражаттар тиісті функционалдық топтарға бөлінді.
Сессияда қаралып отырған мәселеге байланысты депутаттар Асылбек Жантаев пен Мырзағали Мадимаров сұрақ қойып, өздерінің ұсыныстарында жеткізді. Сұрақтарға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев жауап беріп, айтылған ұсыныстарды қабыл алды.
Сессияда қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Е.Ермеков депутаттарды аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібімен таныстырып, оған дайындалып келуді ескертті.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін88
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3242
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33382
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824588

Серіктестер