Онлайн газет



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбековтің төрағалығымен 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізуді ұйымдастыруға байланысты аудандық семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы және аудандық ветеринариялық бөлімдерінің басшылары Еркебай Рсалиев, Еркін Оразов, ауыл, ауылдық округ әкімдері, ауылдық округтердің шаруашылық кітабын жүргізуге жауапты мамандары мен ауылдық округтердің ветеринариялық пункт меңгерушілері қатысты.
Семинарда Болат Сағынбеков 2025 жылдың 1 тамыз – 20 қазан аралығында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жұмыстарын  ұйымдастыру туралы қысқаша айтып, семинар жұмысын жүргізіп отырды.
Онда алдымен Байзақ аудандық статистика басқармасының басшысы Дамир Нұрабаевқа сөз берілді.
-Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №18 өкімімен “2025 жылы Жамбыл облысында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалу және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу, іс-шаралар жоспарын бекіту» жөніндегі арнайы комиссия құрылған. Осындай комиссия ауданымызда да құрылды.


Аталған науқанды өз дәрежесінде өткізуге байланысты уақыттары көрсетіліп, жер учаскесінің ауданын анықтау, жеке қосалқы шаруашылықтардың өз жерлерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатындығын анықтау, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын нақтылау, ауыл шаруашылығы жануарларын анықтау, 1 тамыз-31 тамыз аралығында  ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, жеке қосалқы шаруашылықтар арасында sanaq.gov.kz онлайн сауалнама өтетіндігі жоспарланып отыр. Сондай-ақ 20 қыркүйек – 20 қазан аралығы ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі болып есептеледі. Мұнда интервьюерлер планшетпен сауалнама жүргізеді. Бұл кезеңде жеке қосалқы шаруашылықтарды  жаппай елдімекендер бойынша аралау және іріктеу, онлайн арқылы өтпеген шаруа, фермер қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерді аралайтын болады, - деген Дамир Темірбекұлы науқанға байланысты ауыл шаруашылығы  тауар өндірушілері мен тұрғындар арасында ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, баннерлер, бильбордтар мен басқада үгіт материалдарын дайындау қажеттігін ескертті.
Семинар жұмысын қорытындылаған Болат Мырзаханұлы аталған маңызды науқанды өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру, тиісті тапсырмаларды өз мерзімінде сапалы орындау қажеттігіне ерекше тоқталды.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Обновлено 04.04.2025 11:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін137
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3291
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33431
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824637

Серіктестер