Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодесінің 208-бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу кезінде алапеске қарсы және обаға қарсы мекемелерде, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі инфекциялық аурулар мекемелеріндегі жұмыс – екі есе мөлшерде, сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыстар тізбесі бойынша – бір жарым есе мөлшерде
есепке алынады. Еңбек өтілінде екі есе мөлшерде ескерілетін жұмыстардың тізбесі көзделмеген, яғни лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, аталған мекемелердің барлық қызметкерлерінің еңбек өтілін жеңілдікпен есептеуге құқығы бар. Сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстардың тізбесіне мыналар жатады: I. Денсаулық сақтау ұйымдарының республикалық, облыстық және қалалық патологиялық-анатомиялық бюроларында, орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелерінде жұмыс: 1) патологоанатомиялық мәйіттерді ашу және патологоанатомиялық дәрігерлердің операция және биопсия кезінде алынған мәйіт материалын, мүшелер мен тіндерді гистологиялық зерттеу; 2) орта және кіші медициналық персоналдың патологиялық-анатомиялық аутопсия жүргізуге, мәйітті, операциялық және биопсиялық материалды өңдеуге қатысуы. II. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында, аумақтық филиалдарда, аудандық және ауданаралық: 1) дәрігерлер мен мамандардың, сот-медициналық сарапшылардың мәйіттер мен мәйіт материалдарын сот-медициналық сараптамалары; 2) мәйіттерге сот-медициналық сараптама жүргізуге, мәйіт материалын орта және кіші медициналық персоналмен өңдеуге қатысу.
Райкүл Изанова, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы. |