Онлайн газет



Жұмыспен қамту мәселелері сараланды

Өткен сәрсенбіде аудандық мәслихаттың «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның мәжілісі болып өтті. Оның күн тәртібіне аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасын орындау барысы туралы өзекті мәселе шығарылып, сарапталды.
Депутаттар аталмыш мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры А.Сқақовтың баяндамасын тыңдады. Өз кезегінде баяндамашы бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 2013 жылы орталық тарапынан атқарылған жұмыстармен қатар үстіміздегі жылғы жоспарлардың орындалу барысымен бөлісті.
Оның берген мәліметінше, қабылданған қаулыға сәйкес, 2014  жылы бөлім арқылы 234 адамды жұмыспен қамту қарастырылған. Мысалға, аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, яғни «Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету аясында» 5 нысанда (111,330 млн. теңге) 58 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы  жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту»  бірінші құрамдас бөлігі бойынша 80 азаматқа шағын және несие беруге 190,0 млн. теңге қаралған.
Ал, бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» атты үшінші бағытының бірінші құрамдас бөлігі бойынша 124 адамды жұмыспен қамту, оқыту жоспарланса, қайта даярлауға 12 адам арнайы курстар бойынша оқуларға жолданыпты. Сонымен қатар, біліктілігін арттыруға – 5 адам, кәсіптік даярлауға 8 адам қыркүйек айынан бастап түрлі мамандықтар бойынша 12 айлық мерзімге оқуға жіберілу жоспарланған. Одан бөлек, әлеуметтік жұмыс орындарына (4,4 млн. теңге) 23 адам жұмысқа орналастырылса, жастар тәжірибесімен (10543 млн. теңге) 55 адам орналастырылады деп күтілуде. Сондай-ақ «Жол картасы» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы 24 білімгерді жұмысқа орналастыру міндеті жүктелген екен.
Баяндамашыны тыңдай келе, халық қалаулылары талқыланып жатқан мәселеге қатысты туындаған сұрақтарын қоюмен қатар, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту, кәсіби тұрғыдан оқыту, даярлау, олардың сала бойынша біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жандандыру, ауыл аймақтарда  кәсіпкерлікті дамыту, несие беру мәселелерін жолға қою сияқты бірқатар ұсыныстарын  жеткізді.
Комиссия мәжілісі барысында айтылған ұсыныстар негізінде қаулы қабылданды.
Тұрақты комиссия жұмысына депутат Р.Сапарбеков төрағалық етті.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін157
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада6663
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда23293
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274962

Серіктестер