Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Кеше, “Таза Қазақстан” жобасы аясында "AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы ауданымызда  өтті.
Облыстық филиал тарапынан Тараз қаласынан жолданған тазалық эстафетасын Байзақ аудандық партия филиалының төрағасы Индира Спаналиева Қостөбе ауылдық округінен қабылдап алып, екі айлық аясында ауылдар арасындағы жолдар  бойына тазалық жұмыстары жүргізілетіндігін айтып, бұл бастаманы жалғастыруды Жамбыл ауданына жолдады. «Amanat» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Уәлихан Болатбек елімізде өтіп жатқан шараның маңыздылығына  жан-жақты тоқталды.


Облыстық және аудандық партия филиалының бірлесе  өткізген акциясына партия белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары,  БПҰ мүшелері, “Жастар рухы” жастар қанатының мүшелері, барлығы 150-ден астам партияластар өз үлестерін қосты. Сонымен қатар бұл шараға жастармен бірге орта буын өкілдері де белсене қатысты. 
Тазалық шаралары Қызыл жұлдыз бен Қостөбе ауылы аралығындағы жол бойында жүргізілді. Атап айтқанда жол бойы қоқыс қалдықтарынан тазартылып, қураған ағаш, ретсіз өскен шөптер шабылып, арнайы орынға шығарылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 04.04.2025 11:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін175
mod_vvisit_counterКеше1193
mod_vvisit_counterОсы аптада8224
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда6880
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2933895

Серіктестер