Онлайн газет



ҚОЛЫҢМЕН ҰСТАП, ЖҮРЕКПЕН СЕЗІН

Осыдан бір жыл бұрын аудандық тарихи-өлкетану музейінің этнография залында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» атты тифло­музей жобасының зағип азаматтарға QR-код арқылы ұйымдастырылған арнайы бұрыш ашылған болатын.
Жақында Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен және музей қызметкерлерінің атсалысуымен «Тифломузей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін»  атты тарихи танымдық бұрышы бойынша «Батыр туса – ел ырысы» тақырыбында QR-кодты толықтыру шарасы болып өтті.
Халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын және кітаптан оқыған мәліметтерді, құлақпен естіген ақпараттарды әрбір оқырмандарымызға  қолымен ұстап сезінуге, ой-өрісін дамытуға жол ашуға мүмкіндік алу мақсатында өткізілген шарада 20 QR-код қойылған жәдігерлер толықтырылды.
Заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспозицияны әрбір оқырман смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы орта ғасырлық, ерте-темір дәуір кезеңі, қола, тас дәуір кезеңі, экспозициялық көрме, этнографиялық көрмелерден тұратын бұйымдар жайлы мәлімет ала алады.
Шара барысында ғылыми қызметкер Айнагүл Мамытбекова кеш қонақтарын тарихи экспозициялар, көрмеге қойылған жәдігерлермен таныстырды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін174
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3328
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33468
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824674

Серіктестер