Онлайн газет



ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Өткен аптада кестеге сәйкес шалғайдағы Темірбек ауылдық округіне қарасты Тегістік ауылдық клубында аудан әкімі Олжас Баққараев округ тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Кездесуді ашқан аудан басшысы Олжас Елебекұлы ауданымызда 2024 жылы атқарылған жұмыстарды 2023 жылмен салыстыра отырып айтып берді. Ауданда тиісті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 121,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жоспары 103,7 пайызға орындалса, бөлшек сауда көлемі 101 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 106,5 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 102,3 пайызға жеткен. Ал бұл барлық сала бойынша көрсеткіштердің 2023 жылмен салыстырғанда анағұрлым артқанын көрсетеді. Сондай-ақ спорт, мәдениет, денсаулық, білім саласында да айтарлықтай табыстарға қол жетіп, бірнеше ғимараттар соғылып, пайдалануға берілді.
“Ауыл ел - бесігі” жобасы аясында өткен жылы ауданда 88 жоба жүзеге асса, олардың ішіндегі құны 1,9 млрд. теңге тұратын 3 жобасы Темірбек ауылдық округіне тиесілі.
Кездесу одан әрі қарай сұрақ-жауап форматында өтті.
-Ауылымызда жақсы емхана бар. Солай болғанымен науқастанған болмаса қаралуы тиіс жандарды УЗИ аппаратына түсу үшін ауданға жіберіп жатады. Онда барған соң ондағылар ақылы УЗИ-ге түсу үшін қалаға жұмсайды. Мұны ауылда, болмаса ауданның өзінде неге шешуге болмайды, - деді округтік билер кеңесінің төрағасы Аманғазы Халықов.
-Ауданда халық саны көп. Сондықтанда біз жекешелермен бірге жұмыс жасаймыз. УЗИ-де жұмыс істейтін мамандар тапшы. Жақында Сарыкемер ауылына жекеше УЗИ аппараты қойылды. Енді ауыл халқын қалаға емес сонда жіберетін боламыз. Жолдамамен келгендер тегін көрінетін болады, - деді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жандос Рысқұлов.
Шахан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нышанбек Отаров ауылға су кіргізгеніне алғыс айтты. Алайда көше жөнделмей қалып, жауын-шашын күндері батпаққа айналатынын жеткізді. Сол көшені жөндеп беруді, сондай-ақ көше бағаналарын ауыстыру қажеттігінде айта кетті.


Аудан басшысы О.Баққараев биылғы жылға округ бойынша 15 көшені жөндеу ұсынылғанымен оның бесеуі ғана қолдау тапқанын атап өтті. Демек, Тегістік ауылының 5 көшесі орта жөндеуден өтетін болады. Ал қалған екі ауыл көшесіне екінші жартыжылдықта қаржы сұралмақ. Аудан әкімі ауылға ауыз су тартылғаннан кейін көше тұрғындары сол суды пайдалануы керек екендігін баса айтты. Аудандық электр тоғын тарату мекемесінің басшысы Алтынбек Жамишжанов аталған ауыл бағаналары биылғы жылы ауыстырылатынын атап өтті.
Кездесуде ауыл тұрғындары Нұржау Дәулетов, Елемес Есімов, Тұрысбек Тәжібаев, Ербол Шарипбаев, Дүйсенбек Мамырбековтер ағын суды канал арқылы ауылға жеткізу, облыстық мәндегі жолды тұз таситын үлкен көліктердің бұзуы, Сарыбарақ ауылына интернет кіргізу, жол бойына белгілер орнату, кредит алудың жолдары, бақшаға су жеткізу тәрізді сұрақтар қойып, оған аудан, ауыл әкімдері, тиісті мекеме басшылары жауап берді. Ал кейбір сұрақтарға байланысты мәселелер зерделеніп барып, шешілетіні айтылды.
Кездесуден кейін аудан басшысы О.Баққараев тұрғындарды өздерінің жеке сұрақтары бойынша қабылдап, әрбір өтінішке заң аясында түсінік берді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 01.04.2025 10:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін183
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3337
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33477
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824683

Серіктестер