Онлайн газет



ЕКІ АЙДА САЛЫНҒАН ҮЙ

Биылғы жылдың алғашқы күндері Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Жібек жолы ауылының тұрғыны Нұржан Айдарбековтің үйі ойламаған жерден отқа оранған еді. Қыстың қақ ортасында оның үйсіз қалуы ағайындары мен ауыл халқына оңай тимеген болатын.
Кеше қыс ортасында қиын жағдайда қалған Нұржанға ауыл халқы көмектесіп, бар болғаны екі айда соғып берген үйдің кілті салтанатты жағдайда табысталды.
-Табан астынан үйсіз қалған жанға ауыл халқы ақылдаса келе «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша үй салып беруді бастағаны күні кеше тәрізді. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, қыстың суығына қарамастан бар болғаны екі ай ішінде үйді бітіріп, кілтін табыс еткелі отырмыз. Мұнда ауыл халқының ауызбірлігі, ауыл жастары мен ағайындарының еңбегі ерекше болды. Қазақта «Өрт болған жерде, дерт болмайды» деген жақсы сөз бар. Демек, енді бұл үйде тек қуанышты сәттер көп болсын, - деген округ әкімі Асқар Прманов үйді соғуға белсене қатысып, ынтымақ пен бірліктің сақталуына қосқан үлестері үшін Бақыт Нышанұлы, Марат Жұмабайұлы, Рүстем Ахметовтерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Ауыл ақсақалы Бейсен Жүзгенбаев өз тілегін жеткізіп, батасын берсе, Нұржанның нағашы апалары Ақыл, Айткүл, Жанат, Әсия, әпкесі Ғазиза, мешіт имамы Айтбек Рысбаев, мектеп директоры Ғалымжан Нұрымбетовтерде жаңа үйге құтты болсын айтып, өз сыйлықтарын табыс етті.


Үйдің дер кезінде, сапалы соғылуына Нұржанның ағасы Жандос Шалаевтың еңбегі көп болғанын жиналғандар айтып, оған алғыстарын білдіріп жатты...
Үйдің лентасын ауыл қариялары Орынбай Балтабаев пен Сапаралы Түктеев қиған бетте ақжаулықты аналар жағалай шашу шашты.
Келген қонақтармен бірге ауыл тұрғындары ішке еніп, үш бөлмелі шағын үйді аралап көрді. Өте жақсы, сапалы соғылғаны көрініп тұр. Ішінде барлық жағдай жасалған.
Қоныс тойына жиналған көпшілікке, оның ішінде үйді соғуға көмектескен, демеушілік танытқан, тілеулес болған азаматтарға үй иесі Нұржан Айдарбеков ағынан жарылып алғысын айтты. Қонақтар жайылған дастарханнан дәм татып, оқылған құранға қол жайды.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Обновлено 01.04.2025 10:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін173
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3327
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33467
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824673

Серіктестер