Онлайн газет



КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

Қоршаған ортаның тазалығын сақтап, қолдан келгенше көркейтіп көгалдандыру-басты міндеттің бірі.  Осы мақсатта  аудан көлемінде өтіп жатқан қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығында  біраз жұмыстар атқарылды.  
Өткен аптаның сенбісінде аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде орналасқан бюджеттік мекемелердің айналасына сенбілік жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мекеме, ұйым басшылары мен қызметкерлері  ғимараттардың төңірегін ретсіз өскен шөптерден тазартты, тал-дарақтарды әктеп, күл-қоқыстарды шығарды.
-Сенбілік жұмыстарына қатысқан жөн. Ауылымыздың таза да көрікті болуы-бәрімізге ортақ іс. Сондықтан сенбілік шараларына ауыл тұрғындары да белсене қатысып, өздерінің үлестерін қосуға шақырамын,-дейді қатысушылар.
Сенбіліктің қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда  алатын маңызы зор.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1938
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26525
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79069
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457138

Серіктестер