Онлайн газет



Ғасыр қасіреті ел зердесінде

К. Сәкенқызы,
Сарыкемер ауылы.

Кеше, Қазақстанның 40 жылдығы  атындағы мектебінде 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орайластырылып «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына мың тағзым» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Жиынды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қабылбаева ашып,    қазақ халқының басына түскен нәубат туралы  айтып өтті.
Жиында асыл арыстар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Бұдан соң сөз алған аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Маханбетов сол жылдары  қуғын-сүргіннің құрбандары болған қазақтың айтулы тұлғалары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Жұмабаев секілді  азаматтардың   ерен еңбегіне тоқтала келе, жастарды  тарихтан тағылым алуға үндеді. Сондай-ақ қуғын-сүргіннің негізгі тарихи себептері туралы  осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қ.Ермекбаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде кеңестік дәуірдегі тоталитарлық жүйенің  жүргізген саясатының нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген зиялы қауым өкілдерінің көбі құрбан болғанын, “ГУЛАГ”, «Карлаг» пен “Алжир” сынды түрмелерде кінәсіз қапаста азап шеккенін атап өтті.
Алқалы жиын барысында   туындаған сауалдарға  тұщымды жауаптар берілді. Азалы жылдардың азабы туралы мектеп оқушыларының сахналастырылған  көріністерімен бірге, өлеңдер оқылды.
Жиын соңында  «Біздің елдің жігіттері» атты әнді алғашқы әскери дайындық  пәнінің мұғалімі Б.Басықараев нақышына келтіріп орындады.

Обновлено 04.06.2014 11:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1577
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6266
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22896
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274565

Серіктестер