Онлайн газет



БЕС ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес ауылдық округ әкімінің аппаратында 5 қызмет түрі көрсетіледі.
Атап айтқанда, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»  мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Ауыл әкімдігінде «Е-лицензия» жүйесі бойынша 2025 жылы 1 өтініш қабылданса, 2024 жылы 4 өтініш, жазбаша 8 өтініш қабылданып, толығымен қанағаттандырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылып, сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімінің аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасы деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Ауыл әкімдігі ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуға өзін-өзі қызмет көрсету бұрышында egov.kz электронды портал қосылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тактилді жол, қоңырау тетіктері орналастырылған. Сонымен қатар ауылдық Мәдениет үйінде қызмет көрсетудің ақпараттық орталығы жұмыс атқаруда. 2025 жылдың 3 айында 25 қызмет түрінен 223 қызмет алынған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Серік Кайпулдаев,
Көктал ауылының  әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін441
mod_vvisit_counterКеше1335
mod_vvisit_counterОсы аптада6709
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда14993
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2942008

Серіктестер