Онлайн газет



НАШАҚОРЛЫҚ- ҚАУІПТІ ІНДЕТ

Есірткінің әлемнің көп елдеріне жайылып, жасырын әрекеттің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.
Бурыл ауылдық округінде осы бағытта «Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында іс-шара өткізіліп, ауылдық округтегі кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зиянды заттар таратпау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, ауыл тұрғындары мен дүкендер иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары да атқарылуда.
Есірткі заттарын тарату мен жарнамалаудың алдын алу да - күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі. Ауылдық округте нашақорлық пен есірткі жарнамалары, сайттар қадағаланып отырады. Мұндай жарнамалар анықталған жоқ. Ауылдық округте есірткімен байланысты қылмыстардың орын алуын болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Синтетикалық есірткі пайдаланудың өсуі ұлт болашағына үлкен қауіп», - екенін атап өтіп, есірткіге қарсы қылмыстарға ерекше назар аударып, жүйелі күресуді жүктеген болатын. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жол картасы дайындалып, күрес жүргізіліп жатқаны белгілі. Есірткі қылмысының алдын алуға хабар беру үшін арнайы телеграм бот та ашылды. Бүгінгі таңда білім министрінің тапсырмасымен оқушыларды есірткіге қарсы тексеру қолға алынуда. Бұл шара жастар арасында нашақұмарлықтың алдын алуға көмектесетіндігі анық.
Сонымен бірге, БАҚ арқылы халыққа есірткінің зияны туралы кең көлемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға және нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту қажет деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күреске айрықша назар аудару арқылы, мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыру - баршамыздың басты міндетіміз.

Ерлан Әшірбеков,
Бурыл ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1054
mod_vvisit_counterКеше2697
mod_vvisit_counterОсы аптада6420
mod_vvisit_counterӨткен аптада25816
mod_vvisit_counterОсы айда36329
mod_vvisit_counterӨткен айда152172
mod_vvisit_counterБәрі3566570

Серіктестер