Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – жеке мемлекеттік функцияларды іске асырудың бір түрі. Ол қызмет алушылардың өтініші бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетуді іске асырады. Мемлекет алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі–жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық халықтың бірдей қолжеткізуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппаратты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді. Соның біріне толығырақ тоқталсақ: “Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге
сату” мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары; 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және оларды орындау үшін құжаттар келіп түскен күні уәкілетті органның басшысына жібереді; 3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды; 4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде: -мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді; кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді; -мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны уәкілетті органның басшысына жібереді; 5) уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасына келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоюға жібереді; 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды; 7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тіркеуді жүргізеді және оны портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Манарбек Абдуллаев, Жаңатұрмыс ауылдық округінің бас маманы. |