Онлайн газет



Тұтынушылардың құқығын қорғауға арналды

Г.Өтепова,
Байзақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

Бүгінде азаматтардың тауар тұтынуда түрлі келеңсіздіктерге тап болып жататындықтарын жиі естіп жүрміз. Сапасыз тауар, бұзылған тағам, тізсең толып жатқан көптеген жағдайлар тұтынушылар құқығының бұзылуына әкеліп соғуда. Елімізде тұтынушылардың құқығын қорғау Заңы жұмыс істегенімен, көбіне тұрғындар өз талап-тілектерін қайда, кімге барып айтарын білмейтіні рас. Сол себепті де тауар тұтынушы азаматтарға заңдық негізде құқықтарын қорғау туралы түсінік беру, жалпы халықты ақпараттандырудың маңызы зор.

Жуырда ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаментінің Байзақ аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы мен Байзақ ауданы бойынша сараптама орталығы бірлесіп «Тұтынушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырды.
Ондағы басты мақсат - мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау  және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жүзеге асыру және халықтың құқықтық салауаттылығын көтеру болатын. Сонымен қатар азық-түліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мен әдістерін түсіндіру үшін  өткізілген іс-шара барысында - семіздіктің алдын алу үшін әйелдерге арналған ұсыныстар, фаст-фудқа салауатты балама, күрделі көмірсулар туралы, фаст-фуд  және  балалар жөнінде  ақпараттар жазылған кітапшалар таратылды. «Темірлан» базары, «Арзан» азық –түлік дүкенінде тұтынушылар мен жеке кәсіпкерлерден сауалнамалар алынып, жеке-жеке әңгімелесулер жүргізілді.
Жалпы акция барысында бактериологиялық зертханаға - 106 сынама, санитарлық – гигиеналық  зертханаға - 140 сынама, паразитологияға - 85 сынама, оның ішінде жеміс-жидектердің барлығын  нитратқа  тексеру мақсатында  24 сынама алынды. Сынамалардың барлығы қазіргі уақытта тексерілу үстінде.
Және бір айта кетерлік маңызды жәйт, бұдан бұлай мұндай іс-шаралар  қарашаға дейін әр айдың  25 мен 28-і  аралығында өткізіледі. Онда   зерттеуге  алынатын сынамалар  тегін  әрі ақысыз жүргізіледі. Сондықтанда аудан тұрғындарын аталмыш шараларға белсенді түрде атсалысып, тұтынушылық құқықтарыңызды жете түсінуге мүмкіншілік алыңыздар демекпіз.

Обновлено 04.06.2014 11:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1584
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6273
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22903
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274572

Серіктестер