Онлайн газет



МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Қасиетті Бурабай бауырында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдындағы тұрған басым міндеттерді  айқындап берді.
Атап айтқанда, ұлттық бірегейлікті нығайту, ел бірлігі мен татулығын сақтау, өңірлерді дамыту, салық реформасы, бірыңғай уақыт белдеуі, білім беру ісінде тәрбиеге үлкен мән беру, қоғамға кері әсер ететін әлеуметтік кеселдерді жою,  діни ахуал, интернет алаяқтық және басқа да мәселелерге қатысты айтқан пікірлері көкейімізден шықты.
Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеші болып жұмыс жасайтын біздер үшін Ел Президентінің қазақ тіліндегі анимацияны дамыту туралы ойын қолдаймыз.
- “Жақында «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильм шығыпты. Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады.
Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет.
Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дұрыс бағытта дамыту мәселесін қолға алу керек”, - деді Президент.
Балалар-біздің болашағымыз, еліміздің үкілеген үміті. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленіп жатқан балалардың тілі мен ойының дамуына ұлттық нақыштағы анимациялық мультфильмдер үлкен әсер ететіндігі анық. Мұндай мультфильмдер бүлдіршіндер бойына халқымыздың ұлы тұлғаларының ерен еңбегін тереңірек білуге, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге,  туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал ететін  болады.
Жаңа, Әділетті Қазақстанды құратын-балабақшаларда білім алып жатқан бүлдіршіндер. Сондықтанда жас толқынды ұлттық  құндылықтар негізінде тәрбиелеу-ата-ана мен педагогтардың  ортақ міндеті. Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген,  тәрбиелі де білімді ұрпақ ертеңгі күні қоғамға да, еліне де адал қызмет ететін саналы да, жауапты азамат болып өсетіндігі айдан анық.

Аида Айнақұлова,
“Нұрлы” бөбекжай-балабақшасының әдіскері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін201
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3355
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33495
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824701

Серіктестер