Онлайн газет



НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА

15 НАУРЫЗ - ”ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ” КҮНІ

Наурызнаманың онкүндігі аясында «Қайырымдылық» күніне байланысты өткен сенбі күні аудан орталығындағы А.Суханбаев атындағы орталық саябақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге жеке кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар сүт өнімдері де қамтылды. Тауарлар сапалы әрі қолжетімді бағада сатылды. Яғни, жәрмеңкеге келгендер сапалы әрі қолжетімді өнімдерден қалағанын таңдап алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкедегі бағалар базардағыдан бірнеше пайызға төмен болғандықтан, аудан тұрғындары үстемесіз сатылған өнімдерге ерекше ризашылықтарын білдірді. Мұндай шаралар тауар өндірушілер мен тауарды сатып алушыларға тиімді болды. Сондықтанда аудан халқы мұндай шара алдағы уақыттарда да өтіп тұрса деген тілектерін білдірді. Сонымен қатар бұл күні адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, жанашырлық пен мейірімділік басқа да  қасиеттерге бағытталған “Жан жылуы”, “Қайырымдылық-бірліктің бастауы” тақырыптарында қайырымдылық шаралары өтті. Әлеуметтік қызметкерлер мен жастар Жетібай, Сарыкемер ауылдарының тұрғындары Валентина Щербакова, Фарид Шарипов пен Роза Шарипованың үйлерінің аулаларын тазалап, көмек көрсетті.


16 НАУРЫЗ - “МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР” КҮНІ


“Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күніне орайластырылып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты аудандық  балалар және ауылдық кітапханаларда «Наурыз нақыштары» айдарымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!», «Армысың әз-Наурыз», «Наурыз-құт береке бастауы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Көрмеге Наурыз мерекесінің шығу тарихы, дәстүрлердің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы жөніндегі кітаптар қойылды.


17 НАУРЫЗ - “ШАҢЫРАҚ” КҮНІ

Ал кешегі - “Шаңырақ” күні  аудандық “Жастар ресурстық орталығы” қызметкерлері “Отан-отбасынан басталады” тақырыбында үлгілі отбасы, аудандық “Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпазы Жақсылық Құрмановтың отбасында болды. Отағасы Жақсылық аға, отанасы Жақсыкүл апаймен кездесіп, сый-сияпаттарын табыстады.  Қара шаңырақтың  құндылығы мен киесі,  еліне, жеріне адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу, отбасындағы үйлесімділік, бақытты отбасы туралы әңгімелер өрбіді. Өздерін құрметтеп келген жастарға Жақсылық аға батасын  берді.
Сонымен қатар ауданымыздағы білім ошақтары мен балалар бақшаларында аудандық аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен  “Отбасы құндылықтары” тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды.  Сондай шараның бірі-аудан орталығындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясында өтті. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырынкүл Қапарова  бастаған мүшелер,  аудандық білім бөлімінің әдіскері  Зәуреш Сатылғанова және мектеп ұжымы қатысқан шарада Шырынкүл  Қапарова  отбасы құндылықтары, шаңырақтың қасиеті туралы әңгіме қозғады. Қолөнер бұйымдары мен сүт өнімдері тағамдарының жасалу жолдары көрсетіліп, ақжаулықты аналар ән салып, “Тұсаукесер” рәсімінен көрініс көрсетілді.
Шара соңы гимназия оқушылары орындаған патриоттық әндермен түйінделді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.03.2025 10:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін129
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3283
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33423
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824629

Серіктестер