Мемлекеттік мекемелерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының ашылуы- еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы - заңды құбылыс. Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм. Порталдың көмегімен мемлекеттік органдарға жүгінумен байланысты мыңдаған күнделікті мәселелерді
шешуге болады: зейнетақы аударымдары туралы ақпарат алу, коммуналдық қызметтерді төлеу, баланы балабақшаға кезекке қою, дәрігердің қабылдауына жазылу, жұмыссыз ретінде тіркелу және тағы басқалар. Мемлекеттік қызметтердің электрондық жүйесі мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығы мен сапасын арттырады, сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттарды айтарлықтай төмендетеді. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға тек электрондық-цифрлық қолтаңба және интернет-ресурстағы www e.gov.kz.сайтына қол жеткізу қажет. Көптерек ауылы әкімі аппаратында “электрондық үкімет” порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы” орнатылған. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын пайдаланушылардың саны күннен күнге артуда. 2025 жылдың 1 тоқсанында 68 тұрғын 189 түрлі анықтамалар алды. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар (ЭЦҚ) кез келген азамат «Электрондық үкімет» порталының барлық мүмкіндіктері бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын күн сайын, демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін қолдана алады. Ал егер ЭЦҚ жоқ болса немесе оның мерзімі өтіп кеткен болса, оны қашықтықтан алуға болады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының мекенжайын төменнен көруге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі. Осыған байланысты, қазақстандықтарға, мүмкіндіктерінше, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ және балама әдістерді қолдана отырып, қызметтерді онлайн алуға кеңес береміз, яғни. egov.kz порталын, eGovMobile мобильді қосымшасын немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботын қолдануға шақырамыз.
Олжас Абильдаев, Көптерек ауылы әкімі аппаратының бас маманы. |