Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты балалар киносының аудандық кинофестивалі өтті. Онлайн форматта өткен іс-шараның мақсаты-үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру болатын. 10 номинация бойынша видеоларды аудандық білім бөлімінің әдіскері Зәуреш Сатылғанова қарап, өзінің әділ бағасын
берді. 7 номинация бойынша қабылданған 8 оқушы жүлделі орыннан көрінді. Атап айтқанда “Деректі (ойынды емес) кино” және “Музыкалық клип”, “Ең үздік операторлық жұмыс” аталымдарымен №6 орта мектептің оқушылары Алихан Юсуп, Жан Байганчук және Інжу Ғаниқызы бірінші орынды иеленді. “Телевизиялық сюжет” және “Ойынды кино” номинациясы бойынша Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының оқушылары Батыржан Шахарбай мен Айжан Бақыт-бірінші орынды, “Анимациялық кино” аталымы бойынша №7 мектептің оқушысы Бейбіт Асылбек-бірінші, “Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім” және “STOP-MOTION-видео” номинациялары бойынша Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының оқушылары Салтанат Қырықбай мен Шырын Өмірбек бірінші орынның тұғырынан көрінді. Фестиваль жеңімпаздарына Зәуреш Бақтыбекқызы 1, 2, 3 дәрежелі диплом мен Алғыс хаттарды табыстады.
Клара ДУШАМОВА, «Табиғат құпиялары» үйірмесінің жетекшісі. |