Онлайн газет



АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты аудан әкімі Олжас Баққараев қысқаша сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Онда «Көктемгі әскерге шақыру науқаны туралы» аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, подполковник Есжан Абдиманапов баяндады.
Оның айтуынша 2024 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына қатысты облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент тарапынан берілген жоспар аудан бойынша артығымен орындалған. Алайда, ауылдық округтер арасында көктемгі әскерге шақыру науқанында Темірбек және Ботамойнақ, ал күзгі шақыру науқаны кезінде Темірбек және Сарыкемер ауылдық округтері өз жоспарларын орындай алмаған. Дегенмен аталған округтердің өзіндік себептеріде бар. Сондықтанда болса керек кейінгі екі ауылдық округтің жауапты мамандарына шара қолдану туралы сұраныс қабылданбады.
Биылғы жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны наурыз-маусым айларына белгіленген. Бұл маусымда аудан бойынша 143 азамат әскер қатарына жолдануы тиіс болса, одан бөлімге 128 азамат жеткізілген. Олардың 7-і Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жіберілген.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі туралы» аудан әкімдігі  кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм» бөлімінің басшысы Қанат Телеуов баяндады.
-Ауданда 201 азық-түлік дүкендері жұмыс істесе, олардың 17-сі ірі сауда нысандары. Биылғы жылы ауданымызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөніс өндіретін 8 шаруа қожалық пен 133 дүкендер арасында меморандум жасалды. Бұл жұмыс алда да жалғасын табады.


Айына екі реттен азық-түлік дүкендеріндегі тауарлар бағасына мониторинг жүргізілуде. Соның нәтижесінде биылғы жылдың 4 ақпан - 6 наурыз аралығында рожки, сиыр еті, картоп, қырыққабаттың бағасы өскені байқалды. Ал керісінше ұн, күріш, тауық еті, сүзбе, сәбіз, жұмыртқа бағасы төмендеген. Соңғы мониторингте сары май, сиыр еті, айран, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат бағасының инфляциясы ауданымызда бекітілген шекті бағадан өскені анықталды. Аудан дүкендері негізінен азық-түлікті «Ауыл береке» базарынан алады. Нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында нан пісіруші «Төребек» жеке кәсіпкерлігімен тұрақты жұмыс жасап отырмыз. Нәтижесінде нан бағасы 100-120 теңге аралығында сатылуда.
Өнім өндірушілермен дүкенге дейінгі аралықтағы делдалдарды қысқарту мақсатында «Әулие Ата Феникс» және «Тараз май» ЖШС-мен тікелей келісімшарт арқылы жұмыс жасаудамыз.
Сарыкемер және Бурыл ауылдарынан әлеуметтік дүкендер ашуды қолға алдық. Әлеуметтік дүкенге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын алу үшін «Тараз ӘӘК» (СПК) АҚ-ы, облыстық тұрақтандыру қорымен байланыстырамыз, - деді слайд арқылы баяндаған Қанат Рысбайұлы.
Аппараттық кеңесте аудан басшысы О.Баққараев көктемгі әскерге шақыру науқанын, азық-түлік бағасындағы айырмашылықтарға байланысты тұрақтандыру жұмыстарын жандандыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыру жөнінде тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Обновлено 14.03.2025 11:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін121
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3275
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33415
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824621

Серіктестер