Онлайн газет



ЕЛ РӘМІЗДЕРІ- ЕРКІНДІК НЫШАНЫ

Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба және Гимн – біздің тұтастығымыз бен дербестігімізді айшықтайтын нышандар. Еліміздің рәміздері халқымыздың құндылықтарын, оның көп ғасырлық тарихы мен бай дәстүрлерін бойына сіңірген. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 2007 жылдан бері  елімізде  4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күні ретінде кеңінен аталып өтіледі.
Кез келген елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары болады. Ол-елдің шекарасы, Астанасы және Мемлекеттік рәміздері. Өйткені, рәміздер мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Ұлтымыздың рухани құндылықтарын қадірлеу-мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен, оны мәртебе тұтудан басталады.
Еркіндіктің нышаны-рәміздер, атап айтқанда, еліміздің Туы, Елтаңбасы және Гимні ел рухын көтеріп, егемендіктің іргетасын бекітті. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада: “Қасиетті нышандарымызда  қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту-халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған. Көк түріктер заманында бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасты. Қазақ хандығының туы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдеді. Ал өткен ғасырда арыстарымыз “Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!”,- деп халыққа жігер берді. Көне дәуірден мирас болған осы дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетті. Қазақ елінің көгінде Ұлы Даланың айбынын асырған Тәуелсіздік туы желбіреді. Көк байрағымыз-мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз-азаматтықтың айшықты көрінісі. Ал Әнұранымыз-еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені бұл-бабаларымыздың орындалған арманы”,- деді.
Еліміздің Туы, Елтаңбасы және Гимні-әр азаматтың жүрегінен ерекше орын алады. Бұл рәміздер біздің ортақ мақсаттарымыз бен армандарымызды бейнелейді, халықтың бірлігін, ынтымағын және болашаққа деген сенімін нығайтады.
Мемлекеттік рәміздер-елдіктің, тәуелсіздіктің басты белгісі. Сондықтан оның тарихын, мән-мағынасын білу, кеңінен қолдану, рәміздерімізді ұлықтау маңызды. Олай болса, тәуелсіздігіміздің баға жетпес құндылығы-рәміздерге ерекше құрметпен  қарап, ерекше қастерлеуіміз қажет. Сол арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елі мен жеріне адал қызмет етуге тәрбиелейтіндігін естен шығармайық.

Ақтоты Көпбосынова,
Еңбек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін134
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3288
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33428
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824634

Серіктестер