Онлайн газет



Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла...

Өткен жексенбі, 25 мамыр күні  еліміздің түкпір-түпкірінде  оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Осындай шара аудан орталығындағы Сарыкемер орта мектебінде де өтті. Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер, бүгінде мектеп өмірімен мәңгілікке қоштасып, қимастықпен үлкен өмірге қанат қаққалы тұр. Қызылды-жасылды шарлармен көмкеріліп,  айрықша безендірілген спорт залда қаз-қатар тізілген мектеп оқушыларының көңілдерінде қимастық сезімі байқалады.  Салтанатты жиын оқушылардың сап түзеуінен бастау алды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы енгізіліп, еліміздің Әнұраны шырқалды. Аудан әкімі М. Шүкеев  білімнің баға жетпес қазына екендігін, еліміздің үкілі үміті-жастарға Елбасымыздың  жасап жатқан қамқорлықтарын айтты. Мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілей отырып, барша жиналған қауымды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Анықтама үшін:
Ауданымыз бойынша 2013-2014 оқу жылында 15712 оқушы білім алса, соның ішінде мектеп қабырғасымен қоштасқалы отырғандар саны 637 түлек.  Оның 486-ы оқушысы алдағы сынақ ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырады, ал қалған түлектер дәстүрлі емтиханнан өтеді. Сонымен қоса, түлектерден 16 оқушы «Алтын белгіге», 3  оқушы  үздік аттестаттан үміткер.
Аталмыш мектептен үлкен өмірге жолдама алғалы отырған 26  жас түлекке деген  лебіздерін  алдымен әнмен, жырмен бірінші сынып оқушылары жеткізді.  “Бала-өмірдің гүлі” атты фестивальдің бірінші дәрежелі   жүлдегері Е. Жанұзақ “Бөрте” биін нақышына келтіріп билесе, ата-аналар атынан сөз алған Ә. Наджимова   ұстаздарға деген алғысын айтты. Құшақтары гүлге толы мектеп бітірушілер  өздеріне тәлім-тәрбие беріп, әліппені үйреткен, отансүйгіштікке,  ізгілікке баулыған мектептің  басшысынан бастап, барша ұстаздарына деген шәкірттік сүйіспеншілігін жырмен  өрнектеп,  гүл шоқтарын табыстады.
Салтанатты шарада білімнің алтын кілтін жас түлек  А.Қуатова 10 сыныптың оқу озаты М.Шариповқа табыстады.
Гитарадан әсем әуен төгілген кезде жиналғандар балалық  шаққа сапар шеккендей болды. 11 сынып оқушысы А.Қарасаев  үлкен өмірге жетелеп,  шәкіртінің жанына нұр құйған алтын ұясына, ұстаздарына арнаған тілегін жырмен кестелесе,  мектеп оқушыларынан құралған хордың орындауында “Ұстазым” әні әсерлі шықты.
Қуанышқа бөлер сәттер мұнымен шектелмей, 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша біліммімен оза шауып, дарынымен дараланған, мектептің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін бір топ оқушылардың  есімі аталып өтілді. “Мектеп” әнұраны шырқалысымен бірінші сыныптың табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің он бір жылдан соң есейіп, ержеткен кездері туралы көрініс көрсетілді.
«Қимастық сезімін оятып, соғылсын соңғы қоңырау»  демекші, сыңғырлаған қоңырау үні қоштасу вальсіне ұласты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 29.05.2014 10:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1731
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6420
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда23050
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274719

Серіктестер