Онлайн газет



СОТ АКТІЛЕРІ НЕГЕ ОРЫНДАЛМАЙДЫ?

Аудандық сотта  «Сот актілерінің орындалмауы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Оған аудандық соттың төрағасы Д.Төленбеков, аудан прокурорының көмекшісі  Ж.Қойкенова,  аудандық кірістер басқармасының бас маманы С.Кенжебекова,  Жамбыл облысы, Байзақ ауданы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары Р.Исақов, Д.Алибеков, Д.Каленов, Б.Бабакуловтар қатысты.
Отырыс барысында сот актілерінің ұзақ орындалмауы, мемлекет пайдасына өтініш берушілердің тәркіленген мүліктері, айыппұлдарды өндіріп алу бойынша әкімшілік істерінің сұрақтары талқыланды.Сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік бажды мемлекет пайдасына өндіріп алу, қылмыстық істері туралы сот шығындарының мәселелері қозғалды. Сот төрағасы Досжан Төленбеков өз сөзінде сот жүйесінің беделі, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары қаншалықты сотпен қорғалғанына ғана тәуелді емес, сонымен қатар сот актілерін уақытылы орындалуына байланысты екендігін айтып өтті.
Шара соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 14.03.2025 11:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2072
mod_vvisit_counterКеше3682
mod_vvisit_counterОсы аптада2072
mod_vvisit_counterӨткен аптада20716
mod_vvisit_counterОсы айда20247
mod_vvisit_counterӨткен айда74050
mod_vvisit_counterБәрі3262004

Серіктестер