Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ

Адамзат өмірінде көлемді қаражат айналымға түскен күннен бастап жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы күрес толастаған емес. Біздің елімізде де мемлекет және қоғам болып сыбайластықтың тамырын үзуде ауқымды және жүйелі жұмыс атқарып келеді. Бұл саладағы қызметтің көтерер жүгі де ауыр, жауапкершілігі де мол.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан астам уақыт болды. Осы арада талай заңнамалар қабылданды,  соның ішінде,  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы сан түрлі іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. 
Өткенімізге көз салсақ, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Елімізде болып жатқан саяси жағдай-ларға зер салсақ, сыбайлас жемқорлықты күнделікті әдет қылған әр адам мемлекет алдында жауап беруде. Яғни біз әрқайсысымыз өзімізге жүктелген негізгі міндетті заң тұрғысында дұрыс, дәл, адал орындап, парақорлықтың таралуына жол бермеуіміз керек. Сана тазармай, адал қызмет те, елге деген сүйіспеншілік те жолға қойылмайды. Мемлекетіміздің біртұтастығы үшін әрекет ету – әр азаматқа жүктелген міндет.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік таныту әр адамның азаматтық міндеті болуы тиіс. Біздің заңнамаларға сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын  қатаң түрде қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертпен қоғам болып күресуіміз тиіс. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Мақсат ТЕЛЬГОЗИЕВ,
Байзақ аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін520
mod_vvisit_counterКеше1368
mod_vvisit_counterОсы аптада4828
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда3484
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2930499

Серіктестер