Онлайн газет



БАЛА ТӘРБИЕСІ - БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан орталығындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясының мәжіліс залында  білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазіргі қоғамдағы әйелдер мен қыз балаларының құқықтары» тақырыбында  кездесу өтті.
Жүздесуге аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Исағали Сәлімбаев, аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова, полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны Айгүл Нұрова, полиция бөлімі ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Балнұр Ерген, Отбасын қолдау орталығының психологы Жаңылсын Бейбітова, Байзақ Жастар денсаулық орталығының психологы Айбарша Смағұлова, аналар мен 9-10-сынып оқушы қыздары қатысты.
Жиын барысында  әйелдер мен балаларды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау, оны қолданғаны үшін жауапкершілікті, отбасы тұрмыстық салада жасалған әрекеттер үшін заңға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер, ерте жүктілік, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер үшін жауапкершіліктер айтылып, түсінік берілді. Аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова ұлттық тәрбиенің маңызы туралы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, нашақорлық, буллинг, кибербуллингтің алдын алу бойынша деректі фильмдер көрсетілді.

Зәуреш Сатылғанова,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Обновлено 14.03.2025 11:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін487
mod_vvisit_counterКеше1596
mod_vvisit_counterОсы аптада3427
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда2083
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2929098

Серіктестер